«Jastar X»: Астанада Республика күніне орай жастар диалог алаңы өтті

«Jastar X»: Астанада Республика күніне орай жастар диалог алаңы өтті
Фото: Халық кеңесі

Астанада Республика күніне орай «Jastar X» жастар диалог алаңы ұйымдастырылды. Ұлттық академиялық кітапханада өткен іс-шараға Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері қатысып, елдің түрлі салалардағы даму перспективаларын талқылады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Қазақстан Халық Кеңесінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сараптамалық пікірталасқа Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Найла Мұхтарова модераторлық етті.

Ол «Қазақстан жастары» әлеуметтанулық зерттеуінің нәтижелеріне тоқталып, жас ұрпақтың құндылықтары, өмірлік басымдықтары және ел болашағына қатысты көзқарастары туралы мәліметтермен бөлісті.

Диалог алаңында жастардың қоғамдық өмірдегі орны мен Қазақстанның даму перспективаларына қатысты мәселелерге назар аударылды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының қазақстандық жастардың 80%-дан астамы елдің болашағына сеніммен қарайтыны туралы зерттеуін ұсынған едік.