Қасым-Жомарт Тоқаев Солтүстік Македония Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Солтүстік Македония Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Солтүстік Македония Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Гордана Силяновска-Давкованы Солтүстік Македония Республикасының ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Жеделхатта достық пен өзара түсіністікке негізделген екіжақты қарым-қатынас дәйекті түрде дамып келе жатқаны атап өтілген.

Қасым-Жомарт Тоқаев Гордана Силяновска-Давкованың қызметі мен игі бастамаларына толайым табыс, ал Солтүстік Македония халқына құт-береке тіледі.