Елордалық мектептер мен колледждерде профилактикалық дәрістер өтіп жатыр

Бүгін, 17:23
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Елордалық мектептер мен колледждерде профилактикалық дәрістер өтіп жатыр
Фото: Астана қаласы әкімдігі

Астана мектептері мен колледждерінде «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында 2-16 қыркүйек күндері профилактикалық дәрістер өтіп жатыр, деп хабарлайды Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Дәрістер елорда прокуратурасының бастамасымен қала әкімдігімен бірлесіп ұйымдастырылуда. Оған 8-11-сынып оқушылары мен колледж студенттерін қоса алғанда, шамамен 100 мың жас қатысады.

Прокуратура, Полиция департаменті, ЭТД, білім беру органдары мен психологтардан құралған ведомствоаралық мобильді топтар құқықтық жауапкершілік, зорлық-зомбылық пен буллингтің алдын алу, жасөспірімдер арасындағы жанжалдарға жол бермеу, есірткіге қатысты құқық бұзушылықтардың және «оңай ақша табу» схемаларына тартудың алдын алу жөнінде түсіндіру жүргізіп жатыр.

Сондай-ақ интернеттегі қауіпсіздік пен кибербуллингтің алдын алуға ерекше көңіл бөлінеді. Осы жұмыс аясында оқушыларға құқық бұзушылықтар мен оның салдары туралы маңызды мәселелерді көтеретін «Тоғыз тағдыр» атты тақырыптық сериалы да көрсетіледі.

Еске сала кетейік, елордада Отбасы күніне арналған апталық өтіп жатыр.