Елена Рыбакина WTA 500 турнирінің жеңімпазы атанды

Елена Рыбакина WTA 500 турнирінің жеңімпазы атанды
Фото: Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Қытайдың Ниньбо қаласында өткен WTA 500 санатындағы турнирдің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Финалда отандасымыз әлемдік рейтингте 30-орында тұрған канадалық Лейла Фернандеспен кездесті.

Шешуші кездесуде Рыбакина қарсыласынан басым түсіп, екі сетте де 6:2 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, қазақстандық теннисші 2025 жылы Ниньбода жеңіп алған чемпиондық атағын қорғап, рейтингтік қоржынына 500 ұпай қосты.