Ақмола облысында аң аулау кезінде 64 жастағы ер адам қаза тапты

Бүгін, 16:25
Думан Аманжол Думан Аманжол
Ақмола облысында аң аулау кезінде 64 жастағы ер адам қаза тапты
Фото: Telegram/kriminal_kazakhstan

Ақмола облысының Зеренді ауданында аң аулау кезінде ер адам оқ тиіп, қаза тапты, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, оқиға 6 қыркүйек күні Қызылтаң ауылының маңында болған. Алты адамнан тұратын топ елік аулауға шыққан.

Аңды аулау кезінде аңшылардың бірі алда, екіншісі оның артында жүрген. Осы сәтте аңшылық мылтықтан артқа қарай оқ атылып, 64 жастағы ер адамға тиген. Ол алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.

Ақмола облысы Полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Қару иесі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«6 қыркүйекте Зеренді ауданының аумағында аң аулау кезінде Көкшетау қаласының тұрғынына тиесілі аңшылық мылтықтан еріксіз оқ атылғаны алдын ала анықталды. 

Оқ ату нәтижесінде 64 жастағы ер адам жарақат алып, алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды», - делінген хабарламада.

Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

Еске салсақ, Астанада туристік полиция Қытай мен Моңғолиядан келген қонақтарға көмектесті.