Биыл 10 айда ұлттық тасымалдаушы желісі бойынша 7% өсіммен 2,4 млн тонна ұнтақ өнімдері тасымалданды. Оның ішінде экспортқа 2 млн тоннасы жөнелтілді, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҚТЖ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оның ішінде Орталық Азия елдеріне 734 мың тонна тасымалданды. Ал Қытай Халық Республикасына құрама жем экспорты 32% артып, 3,4 млн тоннаға жетті.
ҚТЖ мәліметінше, биылғы егін жинау маусымының басталуымен тасымалдау бұдан да көбейе береді.
Сондай-ақ, көкөністерді, оның ішінде картопты тасымалдау 53% ұлғайып, 478 мың тоннаны құрады. Оның ішінде экспортқа 463 мың тоннасы жөнелтілді. Негізгі көлемі Өзбекстанға – 349 мың тонна және Тәжікстанға 54 мың тонна жеткізілген.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстан Израильге 500 мың тоннаға дейін бидай жеткізуді ұсынғаны туралы жаздық.