Қазақстанда 5,8 мыңнан астам жаттықтырушы біліктілігін арттырды

Бүгін, 16:56
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Қазақстанда 5,8 мыңнан астам жаттықтырушы біліктілігін арттырды
Фото: Magnific.соm

Республикалық дене шынықтыру және спорт бойынша оқу-әдістемелік және талдау орталығының мәліметіне сәйкес, 2026 жылғы 9 ақпан мен 21 қыркүйек аралығында еліміздің өңірлерінде 21 біліктілікті арттыру курсы ұйымдастырылған. Оған барлығы 5 863 жаттықтырушы-оқытушы қатысты, деп хабарлайды Elordainfo.kz Спорт комитетіне сілтеме жасап.

Курстар олимпиадалық және олимпиадалық емес спорт түрлерін қамтыды. Атап айтқанда, бокс, күрес түрлері, дзюдо, футбол, волейбол, баскетбол, жеңіл атлетика, жүзу, бокс, таэквондо, гимнастика, ауыр атлетика және басқа да спорт бағыттары бойынша мамандар даярлықтан өтті.

Қолданыстағы талаптарға сәйкес, жаттықтырушы-оқытушылар бес жылда кемінде бір рет біліктілігін арттырудан өтуі тиіс. Бұл олардың кәсіби білімін жаңартуға, заманауи жаттығу әдістемелерін меңгеруіне және спортшыларды даярлау сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Осылайша жыл сайын жаттықтырушылардың шамамен 30 пайызы біліктілік тестілеуінен өтеді деп жоспарлануда.
Аталған шаралар жаттықтырушы мамандығының мәртебесін арттыруға, білікті кадрларды салаға тартуға және тәжірибелі мамандарды сақтап қалуға, сондай-ақ елімізде спорт резервін даярлаудың тиімді жүйесін қалыптастыруға бағытталған.