2031 жылға дейін көлік жүргізу құқығынан айырылған Біржан сал ауданының тұрғыны мас күйінде тағы да рөлге отырған, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақмола облысының прокуратурасына сілтеме жасап.
Сот талқылауы кезінде аудан прокуратурасы мемлекеттік айыптауды қолдап, сотталушының кінәсін дәлелдеді.
Жүргізуші ҚР ҚК 346-бабының 1-бөлігі «Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік мас күйдегі адамның көлік құралын басқаруы» бойынша кінәлі деп танылды.

Оған 10 айға бас бостандығынан айыру жазасы кесіліп, өмір бойына көлік жүргізу құқығынан айырылды.
Прокуратура өкілдері бұрын жүргізуші куәлігінен айырыла тұра, көлікті мас күйінде басқарғаны үшін нақты бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын ескертті.