«20 жылдан бері террористпін»: екі әйелдің тікелей эфирдегі әңгімесі сотта қаралатын болды

4 қараша, 2026
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
«20 жылдан бері террористпін»: екі әйелдің тікелей эфирдегі әңгімесі сотта қаралатын болды
Фото: видеодан скриншот/Атырау ПД

Атырауда әлеуметтік желіде тікелей эфир кезінде құқыққа қайшы әрекеттерге жол берген 38 және 39 жастағы екі әйелді полиция анықтап, басқармаға жеткізді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Атырау облысы Полиция департаментіне сілтеме жасап. 

Тікелей эфир кезінде әйелдердің бірі: «20 жылдан бері террористпін. Бүкіл «КНБ» мені таниды», - деген сөздерді айтқан.  

«Анықталған деректер бойынша оларға қатысты ұсақ бұзақылық, құқыққа қайшы контентті тарату, сондай-ақ қоғамдық орындарда адамның жеке басын анықтауға кедергі келтіретін киімдерді кию деректері бойынша үш әкімшілік іс қозғалды. Әкімшілік істердің материалдары сотқа жолданды», - делінген хабарламада. 

Сонымен қатар, әйелдермен теологтың қатысуымен профилактикалық әңгіме жүргізілген.

Полиция департаменті әлеуметтік желілер заң талаптары қолданылмайтын орта емес екенін ескертеді. Тікелей эфир кезінде де жасалған кез келген құқыққа қайшы әрекетке заң аясында тиісті баға беріліп, кінәлі тұлғалар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Еске салайық, бұған дейін Атырауда экстремистік топқа қатысы бар деген күдікпен 10 адам ұсталғаны туралы жаздық.