Елордалық мұғалімдер өз қолдарымен ерекше сәулет туындыларын жасады

4 қараша, 2026
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Елордалық мұғалімдер өз қолдарымен ерекше сәулет туындыларын жасады
Фото: Астана қаласы әкімдігі

Астанадағы №97 мектеп-гимназиясында ағылшын және француз тілдері онкүндігі аясында ерекше сәулеттік туындылар әзірленіп, білім ордасына өзгеше көрік берді, деп хабарлайды Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Нақты айтқанда, Францияның басты символдарының бірі Эйфель мұнарасы мен ертегі әлемін бейнелейтін әсем сарайдың көлемді макеттері қағаздан жасалды.

Бұл туындылар көркем еңбек пәнінің мұғалімдері Серік Рахымжанов пен Ақжан Тасановтың шығармашылық ізденісі мен қажырлы еңбегінің нәтижесінде жасалды.

Ұстаздардың қолынан шыққан ерекше жұмыс мектептің ішкі кеңістігін көркейтіп, білім ордасына ерекше сән берді.