Астаналық оқушы бес асықтан ел чемпионы атанды

Бүгін, 12:32
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Астаналық оқушы бес асықтан ел чемпионы атанды
Фото: Астана қаласы әкімдігі

Астанадағы №86 мектеп-гимназиясының 8-сынып оқушысы Гүлім Жұмабай ұлттық спорт түрі – бес асықтан Қазақстан чемпионы атанды, деп хабарлайды Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жас спортшы жарыста шеберлігі мен табандылығын танытып, қарсыластарынан оза шауып, жеңіс тұғырынан көрінді.

Бұл – тынымсыз еңбек пен жүйелі дайындықтың жемісі.

Еске сала кетейік, астаналық тоғызқұмалақшылар Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері атанды.