Астаналық тоғызқұмалақшылар Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері атанды

Астаналық тоғызқұмалақшылар Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері атанды
Фото: Астана қаласы Тоғызқұмалақ федерациясы

Тараз қаласында тоғызқұмалақтан жастар мен жасөспірімдер арасында командалық Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті, деп хабарлайды Elordainfo.kz Астана қаласы Тоғызқұмалақ федерациясына сілтеме жасап.

Ел біріншілігіне Қазақстанның 16 облысы мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан 19 команда, 300-ден астам спортшы қатысты.

Тартысты өткен жарыста Астана қаласының жасөспірім ұлдар құрамасы жоғары нәтиже көрсетіп, командалық есепте 3-орынға ие болып, қола жүлдегер атанды.

Елорда құрамасы сапында Қасым Ернатұлы, Ислам Мейрамхан, Бексұлтан Бұхар, Аян Қуаныш және Ақиқат Исатай өнер көрсетті.