Бас хатшы То Лам қазақ баласының тұсауын кесті (ФОТО)

Фото: akorda.kz
Астанаға мемлекеттік сапармен келген Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Лам қазақ халқының мәдени мұрасын таныстыратын «Этноауыл» көрмесіне барды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Мәртебелі меймандар төл тарихымызды танытатын, соның ішінде ұлтымыздың киім үлгілері, қолөнері, әдет-ғұрпы мен саятшылық дәстүрі, музыкалық аспаптары, кескіндемесі және халық ойындары көрсетілген бірнеше тақырыптық аймақты тамашалады. Экспозицияның әр бөлігі дала өркениетінің ерекшеліктерін паш етеді.
Бас хатшы То Лам сәбидің тұсауын кесіп, оның өмірлік жолы ашық болуына тілектестік білдірді.
Ұқсас жаңалықтар

12 қазан, 2025
Елімізде Саз аспаптар шеберлерінің одағы құрылды

11 қазан, 2025
Ресейдегі Қазақстанның мәдени күндері: Третьяков галереясында «Қазақстан өнерінің жауһарлары» көрмесі ашылды

11 қазан, 2025
Қазақстан мен Ресей мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастықты нығайтуда

10 қазан, 2025
Қорқыт ата мұрасы: Түркі әлемінің ортақ құндылығы