Креативті индустрияларды дамыту қоры креативті индустрия және технология саласында өз жобаларын дамытып жүрген кәсіпкерлерге, креаторлар мен шығармашылық топтарған арналған Creative Shift акселерациялық бағдарламасын іске қосты, деп хабарлайды Elordainfo.kz елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.
Бағдарлама екі кезеңнен тұрады. Алғашқы кезең 21 қыркүйек күні Алматыда, 5 қазанда Шымкентте, 19 қазанда Астанада өңірлік буткемптер барысында өтеді. Іріктеуден өткен үздік қатысушылар Астанада болатын жеті күндік офлайн менторлық сессияда жұмысын жалғастырады.
Creative Shift төрт бағытты қамтиды. Олар: аудиовизуалдық бағыт, музыка және сахна, визуалды және қолданбалы өнер, сондай-ақ әдебиет, медиа және жасанды интеллект.
Бағдарлама белгілі бір деңгейде қалыптасып, әрі қарай дамуға әлеуеті бар жобаларға арналған. Қатысушылар жобасының бизнес-моделін жетілдіріп, оны табыс көзіне айналдыру және ілгерілету тетігін пысықтайды. Сондай-ақ жасанды интеллект технологиясын қолдану, өнімді тарату арнасын кеңейту, инвестиция тарту және жобаны ауқымдау бойынша білім алады.
Акселерациялық бағдарламаға қатысу талаптары мен өтінім беру тәртібі QazaqCreative платформасының «Қолдау шаралары» бөлімінде qazaqculture.com ресми сайтында жарияланған. Өтінімді QazaqCreative бірыңғай цифрлық платформасында тіркелген қатысушылар бере алады.
Креативті индустрияларды дамыту қоры Creative Shift акселерациялық бағдарламасын бастайды
9 қыркүйек, 2026
Фото: depositphotos.com
Ұқсас жаңалықтар
23 қазан, 2026
Астанада алғаш рет Дәнеш Рақышевтің «Үш арал» күйі орындалды
23 қазан, 2026
Ашхабадта қазақтың тұрмыс-тіршілігін таныстыратын фотокөрме өтіп жатыр
22 қазан, 2026
АҚШ-тан келген әуесқой музыкант мерекелік концертте «Адай» күйін орындады
22 қазан, 2026
АҚШ тұрғыны «Қазақконцерт» сахнасында «Адай» күйін орындады