00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Таза Қазақстан: Астанада 367 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды

28 қараша, 2024
Олжас Сүлейменов Олжас Сүлейменов
Таза Қазақстан: Астанада 367 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Фото: Оңалхан Өнерхан

«Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіп үлгісі» экологиялық акциясы аясында Астана қаласының Полиция департаменті «109 бірыңғай анықтама қызметімен» бірлесіп, қоршаған ортаны абаттандыру ережелерін бұзу және қоғамдық орындарды ластау фактілерінің алдын алу шараларын жүргізіп жатыр, деп хабарлады Elordainfo.kz.  

Жыл басынан бері қоғамдық орындарды ластағаны үшін 13 мың, абаттандыруды бұзғаны үшін 18 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталып, оларға қатысты әкімшілік жаза қолданылды.

«Қала аумағында қоқыс үйінділерінің пайда болуының алдын алу мақсатында анықталмаған орындарға қоқыс түсіріп жатқан тұлғаларды анықтау бойынша мақсатты жұмыстар жүргізілуде.

Биыл рұқсатсыз қоқыс шығарғаны үшін 367 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылса, ағынды суларды төккен 83 кәріз көлігінің жүргізушілері әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - делінген хабарламада.

Астана қаласының Полиция департаменті барша қала тұрғындарын немқұрайлы қарамауға, елорданы көркейтуге өз үлестерін қосып, акцияға қосылуға шақырады.