00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанадағы жәрмеңкеге төрт облыстың аграршылары 900 тоннадан астам өнім әкеледі

Бүгін, 09:12
Торғын Аман Торғын Аман
Астанадағы жәрмеңкеге төрт облыстың аграршылары 900 тоннадан астам өнім әкеледі
фото: Астана қаласы әкімдігінен

12-13 қазан, осы демалыс күндері Астанада Алматы, Жетісу, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстарының тауар өндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлады Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Төрт өңірдің аграршылары Астанаға 900 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімін әкеледі. Сатылатын тауарлар тізімінде: ет, көкөністер мен жемістер, сүт өнімдері, өсімдік майы, бал, балық, шұжық өнімдері, қант, сондай-ақ түрлі кондитерлік өнімдер бар. Елорда тұрғындары мен қонақтары фермерлерден тікелей өнім сатып алып қана қоймай, аталған облыстардың әртістерінің қатысуымен концерттік бағдарламаны тамашалай алады. Жәрмеңке сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін ашық болады.

Айта кетейік, биыл жәрмеңке Қарқаралы тас жолындағы «Қазанат» ипподромына қарама-қарсы орында өтеді. Елорда тұрғындары мен қонақтарына ыңғайлы болуы үшін жәрмеңкелерді өткізу кезеңінде № 18, 37, 303 және 323 автобустары қатынайды.

Жәрмеңкелер әр демалыс күндері 27 қазанға дейін өтеді.