03.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Қазақстан Президенті мен Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы Turkistan визит орталығына барды

|
Photo: фото: Akorda.kz
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Қазақстан Президенті мен Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы Turkistan визит орталығына барды

|
Photo: фото: Akorda.kz

Меймандарға көне «Күлтөбе» қалашығының тарихи келбетін сақтау және абаттандыру жобасы туралы мәлімет берілді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов тарихи ескерткішті музейге айналдыру барысымен танысты. Қалашықтың 27 гектар аумағында археологиялық қазба жұмыстары аяқталған.

Сонымен қатар таяуда ашылатын «Қолөнершілер қалашығының» тұжырымдамасы таныстырылды. Оның ішінде шеберханалар, ұлттық тағам түрлерін ұсынатын орындар, «Шығыс базары» және шағын қонақ үйлер орналаспақ.

Осы орайда биыл 25 наурызда Түркістанға World Craft Council халықаралық ұйымының шешімімен «Қолөнершілер қаласы» деген мәртебе берілгенін атап өткен жөн.

Бұдан бөлек, визит орталықта Қазақстан Президенті мен Түрікменстанның Ұлт көшбасшысы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі бірегей тарихи жәдігерлермен танысты.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗