«Koktal» сауда-ойын-сауық орталығында «Заң түні» акциясы өтті

«Koktal» сауда-ойын-сауық орталығында «Заң түні» акциясы өтті
Фото: Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті

Азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті мемлекеттік және құқық қорғау органдарымен бірлесіп «Koktal» сауда-ойын-сауық орталығында «Заң түні» акциясын өткізді, деп хабарлайды Elordainfo.kz департаментке сілтеме жасап.

Акция аясында елорда тұрғындары мен қонақтары өздерін қызықтырған құқықтық мәселелер бойынша тегін консультациялар алып, құқық бұзушылық фактілері туындаған жағдайда тиісті органдарға жүгіну тәртібі туралы ақпарат алды. Сондай-ақ мемлекеттік органдардың өкілдерінен қажетті түсіндірмелерді тікелей алу мүмкіндігіне ие болды.

Осындай ашық алаңдарды ұйымдастыру халықтың құқықтық хабардарлығын арттыруға, азаматтар мен мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға, сондай-ақ заңнама талаптарын сақтауға деген жауапты көзқарасты қалыптастыруға ықпал етеді.

Азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру профилактикалық жұмыстың маңызды бағыттары болып табылады. Өз құқықтары мен міндеттерін білу, заңда көзделген қорғану тетіктерін пайдалана білу және құқықтық өрісте әрекет етуге дайын болу заңдылық, парасаттылық пен жауапкершілік қағидаттарын нығайтуға ықпал етеді. Мұндай жұмыс жүйелі тәсілді және мемлекет пен қоғамның бірлескен қатысуын талап етеді.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу — мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың басым бағыттарының бірі. Бұл ретте қоғамда сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне тұрақты төзбеушілік қалыптастыру, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және парасаттылық қағидаттарын нығайту ерекше маңызға ие.