Алматы облысында 1 млн-нан астам көшет отырғызу міндеттемесі орындалмаған

Бүгін, 18:01
Думан Аманжол Думан Аманжол
Алматы облысында 1 млн-нан астам көшет отырғызу міндеттемесі орындалмаған
Фото: Оңалхан Өнерхан

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында облыстың Мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасы ағаштарды өтемдік отырғызу кезінде заңнама талаптарының орындалуына талдау жүргізді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Бас прокутаруға сілтеме жасап.

Талдау жасыл желектерді кесуге рұқсат беру кезінде көзделген 1 миллионнан астам көшетті отырғызу міндеттемелерінің толық көлемде орындалмағанын көрсетті.

«Соңғы жылдары уәкілетті органдар 100 мың ағаштан астам ағашты кесуге 307 рұқсат берді. Неғұрлым ауыр бұзушылықтар Еңбекшіқазақ ауданында анықталды, онда 120 рұқсат бойынша 63 мыңнан астам ағаш кесілді, бұл ретте өтемдік отырғызу толық орындалмаған», - делінген хабарламада.

Талдау қорытындысымен прокурорлық қадағалау актісі енгізілді.

Қабылданған шаралардан соң қазірдің өзінде 150 мыңға жуық ағаш отырғызылды, 11 лауазымды тұлға тәртіптік жауапқа тартылды. Сонымен қатар, облыстың жасыл қорын толық түгендеу және көгалдандыру жұмыстарын ғылыми сүйемелдеу мәселелерін пысықтау бастамашылық жасалды. Аталған мәселе облыс прокуратурасының бақылауында.

Еске салсақ, мас күйде көлік жүргізген павлодарлық жүкті деген жалған анықтамамен қамаудан құтылған.