Republic Day және Bereke Fest: жеңілдіктерді қайдан табуға болады

Republic Day және Bereke Fest: жеңілдіктерді қайдан табуға болады
Фото: Сауда және интеграция министрлігі

Қазақстанда Республика күніне орай ұйымдастырылған Republic Day және Bereke Fest республикалық акциялары жалғасып жатыр. Еліміздің барлық 20 өңірін қамтыған мерекелік науқан аясында тұрғындар азық-түлік пен басқа да тауарларды 50 пайызға дейінгі жеңілдікпен сатып ала алады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрлік мәліметінше, мерекелік акцияларға республика бойынша 649 сауда нысаны қатысып жатыр. Олардың қатарында сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, бөлшек сауда желілері мен қазақстандық маркетплейстер бар.

Атап айтқанда, Republic Day акциясына 232 сауда-ойын-сауық орталығы, сауда орталығы мен сауда үйі қатысса, Bereke Fest аясында 417 сауда желісінің дүкені арнайы бағамен тауарлар ұсынып отыр.

Мерекелік ұсыныстар сауда орындарында да, онлайн платформаларда да қолжетімді. Жекелеген тауарларға 50 пайызға дейін жеңілдік қарастырылған.

Жеңілдіктер қай дүкендерде бар?

Сатып алушыларға ыңғайлы болу үшін акцияға қатысатын сауда нысандарының тізімі мен мекенжайлары жергілікті әкімдіктердің ресми интернет-ресурстарында жарияланған.

Өз өңіріңіздегі акцияға қатысатын дүкендер мен сауда орталықтарының тізімін төмендегі сілтемелер арқылы білуге болады:

Облыстар бойынша:

Абай облысы; Ақмола облысы; Ақтөбе облысы; Алматы облысы; Атырау облысы; Батыс Қазақстан облысы; Жамбыл облысы; Жетісу облысы; Қарағанды облысы; Қостанай облысы; Қызылорда облысы; Маңғыстау облысы; Павлодар облысы; Солтүстік Қазақстан облысы; Түркістан облысы; Ұлытау облысы; Шығыс Қазақстан облысы;

Республикалық маңызы бар қалалар бойынша:

Астана қаласы; Алматы қаласы; Шымкент қаласы.

Айта кетейік, Republic Day және Bereke Fest республикалық акциялары 27 қазанға дейін жалғасады.