Бақытжан Темірболат: Тәуелсіздіктің 35 жылдығы қарсаңындағы Республика күні ерекше маңызға ие

Бүгін, 12:01
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Бақытжан Темірболат: Тәуелсіздіктің 35 жылдығы қарсаңындағы Республика күні ерекше маңызға ие
фото: Оңалхан Өнерхан

Биыл Республика күні Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңында және жаңа Конституцияны іске асырудың бастапқы кезеңінде аталып өтілгелі отыр. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президенттік орталығының директоры Бақытжан Темірболат мәлімдеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Ол елімізде қабылданған жаңа реформа «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» моделі үшін берік негіз қалағанын айтты. Президенттің өкілеттілігі шектеліп, жоғары заң шығарушы органның рөлі күшейтілді, азаматтардың мемлекетті басқару ісіне қатысу мүмкіндіктері кеңейтілді.

«Жаңа болмыстың тұжырымдамалық элементтерінің бірі –  «Құрылтай – Халық Кеңес» қоғамдық-саяси буынның құрылуы. Бұл ауылдық жерлерден бастап орталық билік органдарына дейінгі барлық деңгейде шешім қабылдау процестеріне ел азаматтарын тартуға жағдай жасайды», - деді Б. Темірболат.