Келесі жылы WhatsApp-тан Telegram-ға хат жазу мүмкіндігі пайда болады
The Verge басылымының хабарлауынша, келер жылдан бастап WhatsApp мессенджерлерінің қолданушылары тікелей Telegram мессенджеріне хат-хабарлама жібере алады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Бірақ бұл тек ЕуроОдақ аумағындағы елдерге қатысты.
Бұған Еуропалық одақта цифрлық нарықтар туралы жаңа заңнама ықпал етеді. Бұл заңнама түрлі мессенджерлер арасында сәйкестікті қамтамасыз етуге бағытталған.
The Verge жазуы бойынша, WhatsApp мессенджеріне иелік ететін Meta компаниясы Telegram және өзге де мессенджерлер арасында хат алмасу мүмкіндігін беру қажет болады. Бұл функцияны іске қосу бірте-бірте жүзеге асады және қолжетімділік іске қосылған кезде WhatsApp не өзге де мессенджер иесіне хабарлама келеді.
«Meta компаниясы бұдан бөлек, хабарламаға реакция білдіру, оқылғаны туралы хабар беру сынды қосалқы функцияларды да қосуды жоспарлап отыр. Ал 2027 жылға қарай компания түрлі мессенджерлер арасында аудио және видеобайланыс жасау мүмкіндігін іске қосады», – делінген The Verge материалында.