Мемлекет басшысы Түркия Республикасының Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

фото: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатта Болу провинциясында орналасқан Карталкая тау шаңғысы орталығында болған өрт салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және өзінің атынан Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған мен жақындарынан айырылған отбасыларға, сондай-ақ бауырлас түрік халқына көңіл айтып, зардап шеккендердің тез арада сауығып кетуіне тілектестік білдірді.
Ұқсас жаңалықтар

4 қыркүйек, 2025
Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге жеделхат жолдады

3 қыркүйек, 2025
Мәжілісте жаңа депутат ант қабылдады

3 қыркүйек, 2025
Тоқаев Қытайдағы әскери парадты тамашалады (ФОТО)

2 қыркүйек, 2025
Ұлы дала мен ұлы Қытай арасындағы рухани-мәдени байланыс ешқашан үзілген емес – Тоқаев