«Пара алған»: Шенеунік Қытай азаматтарына Маңғыстау мұнай компанияларында заңсыз жұмыс істеуге рұқсат берген

20 наурыз, 2025
Айман Нығмет Айман Нығмет
«Пара алған»: Шенеунік Қытай азаматтарына Маңғыстау мұнай компанияларында заңсыз жұмыс істеуге рұқсат берген
фото: freepik.com

Өңірлік жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары облыстың мұнай компанияларында Қытайдың сегіз азаматына жұмыс істеуге рұқсат бергені үшін 3,6 млн теңге пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлады Elordainfo.kz Lada.kz-ке сілтеме жасап. 

Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өңірлік жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқанын мәлімдеді.

«Ол аймақтағы мұнай компанияларында Қытай Халық Республикасының сегіз азаматының еңбек қызметін жүзеге асыруға рұқсат бергені үшін кәсіпкерлерден жалпы сомасы 3,6 млн теңге пара алды деп күдіктелуде. Тергеу сотының санкциясымен күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасуда», - делінген ведомство хабарламасында.

ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде өзге де ақпарат таратылуға жатпайды.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және жоғарыда аталған Кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрқайсысы кінәсіз деп есептеледі.