Бүгін Астанада ауа райы қандай болады

Бүгін, 07:01
Думан Аманжол Думан Аманжол
Бүгін Астанада ауа райы қандай болады
Фото: Оңалхан Өнерхан

Қазгидромет 12 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Синоптиктердің болжауынша, бүгін Астанада көшпелі бұлт шығып, кей уақыттарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Оңтүстік бастыстан соққан желдің жылдамдығы күндіз 9-14 м/с, күндізгі екпіні 15-20 м/с жетеді.

Күндіз ауа температурасы +21, +23°С-қа дейін көтеріледі.