Қазақстандық телеарналар 2026 жылғы Азия ойындарын тікелей эфирде көрсетеді
Қазақстанда Аичи-Нагояда (Жапония) өтетін XX жазғы Азия ойындарының тікелей көрсетілімдерін тамашалауға болады, деп хабарлайды Elordainfo.kz ұлттық Олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.
Азия ойындарын «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді. Бұдан бөлек, Азиадаға арналған арнайы студиялық бағдарламалар мен Жапониядан тікелей қосылымдар ұсынылады.
XX жазғы Азия ойындары 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында өтеді. Жарыс бағдарламасына 43 спорт түрі мен 71 дисциплина енгізілді. Жалпы 469 жүлде жиынтығы сарапқа салынады.
«Алайда кейбір спорт түрлеріндегі жарыстар Азиаданың ресми ашылу салтанатына дейін басталады. Алғаш болып 10 қыркүйекте баскетбол додасы басталды. Қазақстан ерлер құрамасы алғашқы кездесуін бүгін, 11 қыркүйекте өткізді», - делінген хабарламада.
Ойындардың ресми ашылуына дейін волейбол, қазіргі бессайыс, крикет, текбол, футбол, көгалдағы хоккей және гандболдан да жарыстар басталады.
Жапониядағы бәсекеге Қазақстан құрамасының атынан шамамен 560 спортшы қатысады деп күтілуде.
Еске салсақ, Elordainfo.kz тілшісі жазғы Азия ойындарына болжам жасап көрді.