Алтын Шагаева Астанада өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатында жеңіске жетті

Бүгін, 14:43
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Алтын Шагаева Астанада өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатында жеңіске жетті
Фото: ҰОК

Қазақстандық балуан Алтын Шагаева Астанада өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатын жеңіспен бастады, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҰОК-ке сілтеме жасап. 

59 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз 1/8 финалда Түркия өкілі Бедиха Гюнмен кездесіп, қарсыласын 3:1 есебімен жеңді.

Отандасымыз ширек финалда тағы да жеңіске жетті. Польша өкілі Йовита Мария Вжесеньмен кездесіп, қарсыласынан  5:1 есебімен үстем түсті.

Осылайша Алтын Шагаева әлем чемпионатының жартылай финалына шықты.

Еске салайық, бұған дейін астаналық балуан әлем чемпионатының қола жүлдегері атанғаны туралы жаздық.