Астаналық балуан әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Астаналық балуан әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
Фото: Астана әкімдігі

Астаналық балуан Бағдат Сабаз елордада өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алып, Қазақстан құрамасының жүлде қоржынын толықтырды, деп хабарлайды Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Грек-рим күресінен 67 келіге дейінгі салмақта сынға түскен спортшы қола медаль үшін өткен шешуші белдесуде Әзербайжан балуаны Хасрат Джафаровты 7:5 есебімен жеңіп, әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Бұған дейін Бағдат ширек финалда Иран балуаны Саид Эсмаилиге есе жіберген еді. Алайда қарсыласы финалға шыққандықтан, жұбаныш белдесуіне қатысу мүмкіндігіне ие болды. Бұл кезеңде Қытай өкілі Цзинь Синьсиньді 8:5 есебімен жеңіп, қола медаль үшін белдесуге жолдама алды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын астаналық балуан Айбек Айтбеков АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатында алтын медальға ие болғанын жазған едік.