Астанада демалыс күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өтеді

Бүгін, 14:04
Думан Аманжол Думан Аманжол
Астанада демалыс күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өтеді
Фото: Астана қаласының әкімдігі

Астанада 12 және 13 қыркүйек күндері кезекті қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өтеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жәрмеңкелерде жергілікті шаруалар мен Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген өндірушілердің өнімдері ұсынылады. Қала тұрғындары мен қонақтары көкөніс пен жеміс-жидек, ет, ұн және сүт өнімдерін, нан-тоқаш өнімдерін, табиғи шырындар, тосап және басқа да тауарларды тиімді бағада сатып ала алады.

Іс-шаралар 12 және 13 қыркүйек күндері сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін мына мекенжайларда өтеді:
- «Keryen Joly» СОО – Алаш тасжолы, 35Б;
- «ERA» базары – Қорғалжын тасжолы, 96.

Келушілерге ыңғайлы болу үшін жәрмеңке өтетін орындарға жақын маңда №7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 66, 81, 305, 307, 312 және 317 автобус бағыттары қатынайды.

Еске салсақ, 19 қыркүйек - 25 қазан аралығында Астанада ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өтетінін жаздық.