Header Banner

Қазақстан мен Алжир азаматтық авиация саласындағы ынтымақтастықты нығайтады

Бүгін, 16:34
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Қазақстан мен Алжир азаматтық авиация саласындағы ынтымақтастықты нығайтады

Монреальда өтке ИКАО-ның Әуе көлігі жөніндегі жетінші дүниежүзілік конференциясы аясында ҚР Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиеваның Алжир Азаматтық авиация ұлттық агенттігінің (ANAC) бас директоры Хасан Бульфельфель мырзамен екіжақты кездесуі өтті, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Кездесу барысында тараптар екі елдің авиациялық билік органдары арасындағы Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Құжат әр тараптың тағайындалған әуе тасымалдаушыларына аптасына 14 рейске дейін орындау мүмкіндігін көздейді. Сонымен қатар екі ел арасында тұрақты әуе қатынасын дамыту үшін шарттық-құқықтық негіз қалыптастыруға бағытталған Әуе қатынасы туралы келісім жобасы парафирленді. 

Сондай-ақ азаматтық авиация саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективалары, соның ішінде авиациялық ведомстволар арасында практикалық өзара іс-қимыл орнату және техникалық ынтымақтастық жөніндегі Өзара түсіністік туралы меморандум жасасу мүмкіндіктері талқыланды. 

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар белгіленген бағыттар шеңберінде екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуға мүдделілік танытты.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда америкалық авиация университетінің филиалы ашылатыны туралы жаздық.