Header Banner

Елордалық үш боксшы Қазақстан чемпионатының финалына жолдама алды

Бүгін, 08:31
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Елордалық үш боксшы Қазақстан чемпионатының финалына жолдама алды
Фото: ұйымдастырушылардан

Астанада 2009–2010 жылдары туған жастар арасында бокстан Қазақстан Республикасының чемпионаты жалғасуда, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

21 қарашада өткен жартылай финалдық кездесулердің қорытындысы бойынша елордалық үш боксшы қарсыластарынан басым түсіп, финалға жолдама алды.

50 келі – Ален Мұхитұлы Алматы облысының өкілі Ислам Болатбекті жеңді.

65 келі – Досжан Жұмахан Абай облысының боксшысы Әзиз Дулатты 5:0 есебімен жеңді.

90 келі – Сағым Сабыржан Шығыс Қазақстан облысының өкілі Ринат Ерболұлынан 5:0 есебімен басым түсті.

Айта кетейік, ел чемпионатына Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен еліміздің 17 облысынан барлығы 346 боксшы қатысуда.

Қазақстан чемпионатының финалдық жекпе-жектері бүгін, 22 қараша күні сағат 12:00-де «Beeline Arena» ұлттық теннис орталығында (Тұран даңғылы, 4/2) басталады. Дәл осы күні ел біріншілігінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталады.

Көрермендер үшін кіру тегін!