Шыңғысхан Қожахметов: Өңірлерді дамыту жастарға жаңа мүмкіндіктер ашады

Бүгін, 09:01
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Шыңғысхан Қожахметов: Өңірлерді дамыту жастарға жаңа мүмкіндіктер ашады
Фото: Шыңғысхан Қожахметов/Instagram

Астана қаласы «Нұра» ауданы бойынша Әкелер кеңесінің төрағасы Шыңғысхан Қожахметов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауын қолдап, пікір білдірді, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

«Бүгін бәріміз Мемлекет басшысының жыл сайын Қазақстан халқына жолдайтын дәстүрлі Жолдауын көріп, әр бөлімін өзімізге  түртіп алып отырдық.

Өйткені әр Жолдау - еліміздің алдағы дамуын, қай бағытта жұмыс күшейтіліп, қандай салаларды жетілдіру керектігін көрсетіп, нақты тапсырмалар берілетін маңызды стратегиялық құжат.

Өзім Жолдауды әркез саралап қараймын. Онда айтылған мәселелердің ішінен бірнешеуіне ерекше тоқталып кетсем деймін.

Мемлекет басшысы қуатты қалалар қуатты аймақтардың, ал қуатты аймақтар күшті мемлекеттің негізін қалайтынын айтты.  Осы қағидаттың негізінде өңірлердің инфрақұрылымын дамыту жалғасын таппақ.  Демек, әр қалада, әр өңірде жаңа мектеп, балабақша, емхана, аурухана сияқты әлеуметтік нысандар бой көтермек.

Жолдардың салынуы, жаңаруы ішкі миграцияның да мәселелерін реттейді.

Ал өңір мен қаланың теңсіздігін реттеу - қызмет көрсету сапасы, өмір сүру деңгейінің біркелкілігін реттейді деген ойдамын.

Бұл - жастардың сол өңірлерде қалып, жұмыс істеуіне үлкен мүмкіндік», - деді ол.

Сарапшы Жолдаудағы ұстаздардың мәртебесіне байланысты айтылған мәселеге де тоқталды.

«Президент Жолдауда ұстазға артық жүктеме беру, оған қарсы тұру, дөрекі сөйлеу, қол жұмсауды мүлдем болдыртпау мәселесіне қатты көңіл бөлді. Расымен, білім саласы – үлкен сала, ал сол саланың бел мамандары - ұстаздардың мәртебесі көтерілсе, білімнің де сапасы көтеріледі деген пікірдемін. Мен өзім ата-ана ретінде мұны қуана қабыл алдым», - дейді спикер.

Ол Президент Жолдауында көтерілген қағазбастылықты азайту мәселесін шешуді жан-жақты қолдайтынын айтты. 

«Президент мемлекеттік аппараттағы қағазбастылықты азайтып, маңызды шешімдерді жедел қабылдау қажеттігіне баса назар аударды. Себебі құжаттарды келісу мен заңнамалық актілерге түзетулер енгізу ұзаққа созылып, олардың өзектілігін жоғалтуына әкеліп жатады.

Сондықтан мемлекеттік органдар мен оларға бағынысты ұйымдар арасындағы құжат айналымы мен келісу рәсімдерін оңтайландыру маңызды. Бұл шешімдерді жедел қабылдап, туындаған мәселелерді уақытылы шешуге мүмкіндік береді. Осы тұрғыдан алғанда, Мемлекет басшысының Жолдауына үлкен үміт артамыз.

Сонымен қатар Президент ауыл шаруашылығы, заңнаманы жетілдіру, Азаматтық кодекске өзгерістер енгізу және азаматтардың жауапкершілігін арттыру мәселелерін де көтерді. Ендігі міндет – осы бағыттар бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп, белгіленген тапсырмаларды жүзеге асыру», - деді Шыңғысхан Шопанұлы.