Жандос Ақтаев: Президент Жолдауының түпкі мақсаты – халықтың әл-ауқатын арттыру

Жандос Ақтаев: Президент Жолдауының түпкі мақсаты – халықтың әл-ауқатын арттыру
Фото: Жандос Ақтаевтың жеке мұрағатынан

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында экономикалық мәселелерге басымдық берілгенімен, оның негізгі мақсаты – азаматтардың әл-ауқатын арттыру және өмір сүру сапасын жақсарту. Бұл туралы Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, «Esti Bol Qory» төрағасы Жандос Ақтаев пікір білдірді, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Оның айтуынша, Жолдауда көтерілген экономикалық бастаманың барлығы ең алдымен халықтың игілігіне қызмет етуі тиіс.

«Президент Жолдауының басым бөлігі экономикалық мәселелерге арналса да, оның түпкі мақсаты – азаматтардың әл-ауқатын арттыру және халықтың өмір сүру сапасын жақсарту.

Жолдаудың негізгі мәнін Президенттің «Мемлекет әрекетінің басты бенефициары – Қазақстан халқы» деген сөзі айқын көрсетеді», – деді Жандос Ақтаев.

Ол алдағы кезеңде жүзеге асырылатын құқықтық және экономикалық өзгерістерге, сондай-ақ әлеуметтік инфрақұрылым мен цифрландыруды дамытуға бағытталған бастамаларға тоқталды.

«Алдағы кезеңде азаматтарды жаңа Азаматтық кодекс, Салық кодексіне енгізілетін өзгерістер, бизнеске арналған преференциялар, әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту және цифрландырудың жаңа кезеңі күтіп тұр. Бұл бастаманың барлығы елдің экономикалық әлеуетін арттыруға және азаматтардың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған», – деп атап өтті Жандос Ақтаев.