Көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту, халықаралық жүк маршруттарын кеңейту және Қазақстанды Еуразиядағы жетекші логистикалық орталыққа айналдыру жөніндегі Мемлекет басшысының Жолдауында қойылған міндеттер шеңберінде саланы цифрландыру жалғасуда. Үкімет отырысында жүргізіліп жатқан жұмыстың негізгі бағыттары туралы көлік вице-министрі Талғат Ластаев баяндады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгінде Қазақстанда 46 логистикалық орталық жұмыс істейді, 2030 жылға дейін тағы 21 логистикалық орталық салу жоспарлануда. Транзиттік жүктерді тарту үшін шетелдік терминалдар желісі дамуда. Үш терминал жұмыс істеп тұр, тағы жеті жоба іске асырылуда.
Қазір елімізде 46 логистикалық орталық жұмыс істейді. 2030 жылға дейін тағы 21 орталық салу жоспарланған. Сонымен қатар транзиттік дәліздерді жүкпен толық қамтамасыз ету үшін серіктес елдер де терминалдарды дамытып жатыр. Қазір 3 терминал жұмыс істейді. Тағы 7 терминал бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Көлік инфрақұрылымын дамыту шеңберінде автомобиль жолдары мен өткізу пункттерін салу және жаңғырту жалғасуда.
«Ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірі – Арал–Каспий автожолының құрылысы. Жұмыс тамыз айында басталды. Жоба 2028 жылы аяқталады. Көкшетау – Петропавл учаскесі бойынша биыл дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Құрылыс жұмыстары келесі жылы басталады. Сонымен қатар 37 автомобиль өткізу пунктін жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Оларды 2027 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған», - деді вице-министр.
Елдің әуе транзиттік әлеуетін дамытуға назар аударылады. Үш жыл ішінде барлық ұшу-қону жолақтары мен жолаушылар терминалдарын жаңарту, жанармай құю кешендері мен жүк терминалдарын жаңғырту көзделген. Аэронавигациялық қамтамасыз ету жүйесін ең заманауи талаптарға сай жаңғырту жұмыстары басталды. Ұлттық жүк тасымалдаушы «Эйр Карго» келісімшартқа қол қойды. Осы жылдың қараша айында алғашқы Airbus A340 әуе кемесінің келуі күтілуде. Екінші әуе кемесін жеткізу келесі жылдың наурыз айына жоспарланған. Нәтижесінде әуе кемелерінің жалпы саны 10-ға жетеді.
Көлік саласын толық цифрландыру үшін «Е-Көлік» интеллектуалды платформасына біріктіру жұмыстары жүргізілуде. Бұл жүйе қағаз құжатынан бас тартуға, құжаттарды рәсімдеу уақытын қысқартуға, жүк қозғалысын маршрут бойынша бақылауға мүмкіндік береді.