Қазақстанда құрылыс материалдарын өндірудің жаңа ережелері пайда болады

Бүгін, 10:18
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Қазақстанда құрылыс материалдарын өндірудің жаңа ережелері пайда болады
фото: Оңалхан Өнерхан

Қазақстанда өнеркәсіптік қуаттарды теңгерімді дамыту үшін өндірістік қуаттардың теңгерімін бағалаудың арнайы әдістемесі бекітілді. Бұл туралы Үкімет отырысында өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шархан мәлімдеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Оның айтуынша, бұл әдістеме жаңа жобалардың қолданыстағы кәсіпорындарға әсерін бағалауға мүмкіндік береді. Алдағы уақытта мұндай бағалаудың нәтижелері инвестициялық преференциялар беру тетіктерін және мемлекеттік қолдау шараларын жетілдіру кезінде ескерілетін болады.

Сонымен қатар отандық өнім үлесін арттыру үшін реттелетін сатып алуларда қазақстандық тауар өндірушілерді қолдау шаралары жүзеге асырылады, отандық кәсіпорындар арасындағы өндірістік кооперацияны дамыту және түпкілікті өнім өндіруді ынталандыру үшін өнеркәсіптік кластерлерді дамыту моделі әзірленуде.

Еске салайық, бұған дейін 2027 жылдың соңына дейін барлық су қоймасын цифрландыру жоспарланғаны туралы жаздық.