Отбасындағы рөлдер мен міндеттер: Астанада сарапшылар пікір алмасты
Астанада Отбасы күніне орай «Дәуірлер тоғысындағы отбасы» атты дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Elordainfo.kz Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.
Іс-шара Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясының бастамасымен ұйымдастырылды. Жиынды Қазақстандық қоғамдық даму институты өткізді.

«Дөңгелек үстелге мемлекеттік органдардың өкілдері, ғалымдар мен сарапшылар қатысты. Жиында қазақ қоғамындағы отбасы құндылықтарының өзгеруі, дәстүрлі неке мен шаңырақ құрудың ерекшеліктері туралы айтылды. Сондай-ақ ұрпақтар сабақтастығы, отбасындағы міндеттер мен рөлдердің өзгеруі, жанұяда дәстүрді сақтау және отбасындағы құндылықтарды бүгінгі қоғамның өзгерістеріне сай бейімдеу мәселелері талқыланды», - делінген хабарламада.

Кездесуде сондай-ақ зерттеу нәтижелері мен сарапшылардың пікірлері негізінде отбасы берекесін арттыру және мемлекеттік отбасы саясатын одан әрі жетілдіру жолдары да қарастырылды.
Еске салсақ, Астанада отбасы құндылықтарын нығайту мәселесі талқыланды.