Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратында жаңа тағайындаулар болды

Бүгін, 19:08
Думан Аманжол Думан Аманжол
Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратында жаңа тағайындаулар болды
Фото: Оңалхан Өнерхан

Мемлекет басшысының өкімдерімен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратында бірқатар кадрлық өзгеріс жасалды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының өкімдерімен:

Александр Владимирович Суханов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының Талдау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды;

Расул Қабдоллаұлы Оразғұлов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының Қауіпсіздіктің өзекті мәселелері бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды;

Марат Мақсұтұлы Аймашев Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды;

Ерлан Ысқақұлы Байтұқбаев Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппараты Хатшылығының меңгерушісі лауазымына тағайындалды.

Еске салсақ, Президент VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізуге үлес қосқандарды марапаттады.