Астанада «Халық заңгері» және «Құқықтық дәріхана» акциялары өтеді

Астанада «Халық заңгері» және «Құқықтық дәріхана» акциялары өтеді
Фото: Оңалхан Өнерхан

Астанада 11 қыркүйекте «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «Хан Шатыр» сауда-ойын-сауық орталығында «Халық заңгері» және «Құқықтық дәріхана» акциялары өтеді. Іс-шара аясында қала тұрғындарына тегін заңгерлік көмек көрсетіледі, деп хабарлайды Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Акция сағат 16:00-де басталады. Тұрғындар өздерін толғандырған құқықтық мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың өкілдеріне, жетекші заңгерлер мен адвокаттарға жүгініп, жеке кеңес ала алады. 

Мамандар азаматтардың құқықтық мәселелерін жедел шешуге көмектесіп, құқық қолдану тәжірибесіндегі өзекті мәселелерді анықтауға ықпал етеді. 

Акция аясындағы барлық кеңес тегін беріледі. 

Айта кетейік, мұндай акция елордада бұған дейін де өткізіліп келеді.