Астаналық құтқарушылар газ баллондарының жарылуына жол бермеді – ВИДЕО

Бүгін, 16:38
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Астаналық құтқарушылар газ баллондарының жарылуына жол бермеді – ВИДЕО
Фото: видеодан скрин/ТЖМ

Астанада «Нұра» ауданындағы саяжай аумағында өрт шықты, деп хабарлайды Elordainfo.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға орнына ТЖМ бөлімшелері жедел жетіп, өрт сөндірушілер дереу барлау және өртті сөндіру жұмыстарына кірісті.

Өртті сөндіру барысында үйдің ішінен 3 газ баллоны қауіпсіз жерге шығарылды.

«Өрт сөндірушілердің кәсіби, үйлесімді және жедел әрекетінің арқасында газ баллондарының ықтимал жарылу қаупінің алдын алып, оқиға орнындағы қауіпсіздік қамтамасыз етілді.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде өрт 60 ш.м. алаңда толығымен сөндірілді», - делінген хабарламада.

Өрттен зардап шеккендер жоқ.