Экологтар аңшылық қағидаларын бұзу, тиісті рұқсатсыз, белгіленген мерзімнен тыс, тыйым салынған аумақтарда немесе заңсыз тәсілдермен аң аулау заңнамада көзделген жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертті, деп хабарлайды Elordainfo.kz Экология және табиғи ресурстар министрлігіне сілтеме жасап.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 382-бабының 3-бөлігіне сәйкес, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда аңшылық қағидаларын бұзған жеке тұлғаларға 70 АЕК мөлшерінде айыппұл салу немесе 2 жылға дейін аң аулау құқығынан айыру көзделген.
Бұл ретте әкімшілік құқық бұзушылық заттары және құралдары тәркіленеді.
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті азаматтарды аңшылық қағидаларын сақтауға және жабайы табиғатқа жауапкершілікпен қарауға шақырады.