Астанада Сарыбұлақ өзенінің жағалауында экологиялық акция өтті

Бүгін, 15:14
Думан Аманжол Думан Аманжол
Астанада Сарыбұлақ өзенінің жағалауында экологиялық акция өтті
Фото: Астана қаласы әкімдігі

Астанада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Сарыбұлақ өзенінің жағалауында «Таза жағалаулар» атты экологиялық акция өтті, деп хабарлайды Elordainfo.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Іс-шараны Экология департаменті еріктілермен бірлесіп ұйымдастырды. 

«Бүгін біз «Мөлдір бұлақ» акциясы аясында осы жағалауды тазартып жатырмыз. Еріктілеріміз бен белсенділеріміз бірігіп өзен жағасын қоқыстан тазартып жатыр. Акцияның негізгі мақсаты қоршаған ортаның тазалығын сақтау және су айдынының экологиялық жағдайын жақсарту», – деді Астана қаласы бойынша экологиялық департаментінің басшысының орынбасары Жанбатыр Әлімжан. 

Айта кетейік, мұндай экологиялық іс-шаралар тұрғындардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттырып, қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

Еске салсақ, Астанада Абай даңғылының бойына 140 көшет отырғызылды.