Браконьерлерден 200 келіден астам балық тәркіленді

фото: Polisia.kz
Жетісу облысында браконьерлерден 200 келіден астам балық тәркіленді, деп хабарлады Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
«Браконьер» жедел алдын алу іс-шарасы аясында табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері Қаратал балық инспекциясының мамандарымен бірге өңірдің су айдындарында рейдтік іс-шаралар өткізді. Тексеру барысында Балқаш көлінде тыйым салынған аулау құралдарын пайдаланып, заңсыз балық аулау фактілері анықталды.
Нәтижесінде құқық бұзушылардан ұзындығы 100 метрлік балық аулау торы мен 234 келі заңсыз ауланған балық тәркіленді. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Келтірілген алдын ала шығын 1 млн 285 705 теңгені құрады.
Ұқсас жаңалықтар

16 қазан, 2025
Қарағандыда есірткі таратқан шетелдіктер ұсталды

16 қазан, 2025
Алматы облысында жеті жасөспірім оқушы қызды зорлады деген күдікке ілінді

16 қазан, 2025
Бас прокуратура интернет-алаяқтар енді мұғалімдерді нысанаға алғанын ескертті

16 қазан, 2025
СҚО-да сот орындаушылар 133,5 млн теңге табысты жасырған