Жамбыл облысында прокуратура қызметкері ұсталды

Фото: freepik.com
Жамбыл облысында алаяқтық жасады деген күдікпен прокуратура қызметкері ұсталды. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«2024 жылғы 23 қарашада Бас прокуратураның ішкі қауіпсіздік департаменті мен Жамбыл облысының прокуратурасы, Жамбыл облысы бойынша ҰҚК қызметкерлерінің қатысуымен жүргізілген жедел шаралар нәтижесінде прокуратура қызметкері алаяқтық күдігімен ұсталды», - делінген хабарламада.
Ведомство сотқа дейінгі тергеуді Бас прокуратураның арнайы прокуроры жүргізіп жатқанын атап өтті.
Ұқсас жаңалықтар

16 қазан, 2025
Қарағандыда есірткі таратқан шетелдіктер ұсталды

16 қазан, 2025
Алматы облысында жеті жасөспірім оқушы қызды зорлады деген күдікке ілінді

16 қазан, 2025
Бас прокуратура интернет-алаяқтар енді мұғалімдерді нысанаға алғанын ескертті

16 қазан, 2025
СҚО-да сот орындаушылар 133,5 млн теңге табысты жасырған