00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Киберполицейлер Ресейден келген дропперді ұстады (ВИДЕО)

14 қаңтар, 2025
Олжас Сүлейменов Олжас Сүлейменов
Киберполицейлер Ресейден келген дропперді ұстады (ВИДЕО)
Фото: видеодан скрин

Жамбыл облысы Полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы күрес қызметі облыстық прокуратурамен бірлесіп, 33 жастағы Ресей Федерациясының азаматын ұстады, деп хабарлады Elordainfo.kz.  

Ол Алматы қаласындағы сауда орталықтарында жәбірленушілердің банк шоттарынан ақша ұрлауға бағытталған алаяқтық схемаға қатысы бар деген күдікке ілінді.

«Тараз қаласының полиция басқармасына зейнеткер әйел шағымданып, белгісіз біреудің алдау жолымен оның 13,2 млн теңге қаражатын иемденіп алғанын мәлімдеген. Қылмыскер интернет-ресурстарды пайдаланып, зейнеткердің банк шотына қатысты алаяқтық әрекеттер жасаған», - делінген хабарламада.

Күдікті Қазақстан аумағынан шығып кетпек болған кезінде құрықталды. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігіне (Алаяқтық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қазіргі таңда тергеу шаралары жүргізіліп, қылмыстың барлық мән-жайы анықталуда. Сонымен қатар күдіктінің басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.