Жаңа Салық кодексінде не өзгеруі мүмкін – Асхат Аймағамбетов

4 сәуір, 2025
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Жаңа Салық кодексінде не өзгеруі мүмкін – Асхат Аймағамбетов
Фото: Асхат Аймағамбетов/ Facebook

Депутат Асхат Аймағамбетов жаңа Салық кодексінің жобасында әлеуметтік сала бойынша қандай түзетулер енгізілетінін мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Асхат Аймағамбетов кодекске енгізілген түзетулерге тоқталды:

-Мәдениет, тарихи-мәдени мұра және арнайы әлеуметтік қызметтер саласындағы ұйымдарды корпоративтік табыс салығынан толық босату;

-Отандық кітап басылымдары мен анимация индустриясын қосылған құн салығынан босату;

-Білім, ғылым, спорт және денсаулық сақтау ұйымдары үшін корпоративтік табыс салығын 5%-ға дейін төмендету;

-Қатерлі ісік, орфандық, психикалық, жүрек-қан тамырлары, бүйрек, аутоиммунды, диабет және басқа да күрделі ауруларды емдеуге бағытталған медициналық қызметтерді қосылған құн салығынан босату;

-қалған бағыттар бойынша да қосылған құн салығын қазіргі деңгейдегідей 0% күйінде сақтау немесе компромисс ретінде 5%-ға дейін азайту;

-Аталған ауруларды емдеуге арналған дәрілік заттарды қосылған құн салығынанан босату, ал басқа бағыттар бойынша да 0%, болмаса компромисс ретінде 5%-ға дейін азайту;

-Әдеби, көркем және ғылыми шығармалар үшін авторлық алымдарға салық жеңілдіктерін беру.

Депутаттың айтуынша, жаңа Салық кодексінде қаржылық қызметтерге қосылған құн салығының салынбауы мәселесі де қамтылған:  

-Қаржылық қызметтерге (банктік аударымдар, зейнетақы қорларының қызметі, төлем қарталары бойынша операциялар) ҚКС салынбауы, ягни бұл саланың қымбаттауына жол бермеу;

-Букмекерлік кеңсе, казино дүкені;

-Құрамында трансмайлар мен энергетикалық сусындар бар өнімдерге акциз;

-Көптеген монополияларға арналған салалық жеңiлдiктердi жою;

-Саяжайларға салынатын салық мөлшерін төмендету.

Депутат бұл түзетулер әлі жұмыс тобының отырыстарында талқыланып жатқанын, нақты шешім қабылданбағанын жеткізді.