Елордалық бишілер XI аймақтық Дельфий ойындарында үздік атанды

Бүгін, 14:19
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Елордалық бишілер XI аймақтық Дельфий ойындарында үздік атанды
Фото: Қорғаныс министрлігінен

Астанадағы Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік филармонияда XI аймақтық Дельфий ойындары өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Онда «Жас сарбаз» балалар шығармашылық студиясының би тобы «Халық биі» (10-13 жас санаты) номинациясында бірінші орынды иеленді. Шығармашылық сайысқа елорданың 15 би ұжымы қатысты. 

«Біз жақында ғана Ташкенттен оралдық. Онда I Love tо danсе халықаралық байқауында бишілеріміз Гран-при мен «Үздік халық биі» номинациясында бірінші орынды жеңіп алды. Бұл жеңістердің бәрі тәрбиеленушілердің шығармашылық тұрғыда жетілуіне деген ұмтылысын арттырады», - деді «Жас сарбаз» балалар студиясының көркемдік жетекшісі 3-сыныпты сержант Альмира Асылбекова.

Енді үш би ұжымы, оның ішінде «Жас сарбаз» студиясының тәрбиеленушілері алдағы маусым айында Қарағандыда өтетін Ұлттық дельфий ойындарында Астананың намысын қорғайды.