Елорда спортшылары VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында 8 медаль жеңіп алды
Қырғызстанда өткен VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының қорытындысы бойынша Астана спортшылары Қазақстан ұлттық құрамасы сапында 8 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 1 алтын, 4 күміс және 3 қола медаль бар, деп хабарлайды Elordainfo.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Елорда өкілдері тоғызқұмалақтан, дәстүрлі садақ атудан және жілік сындырудан командалық жарыстарда жүлдеге ие болды.
Тоғызқұмалақтан Биғали Зікірияев командалық есепте алтын, жекелей сында күміс медаль жеңіп алды. Әйелдер арасындағы жарыста Құндыз Есіркеп пен Гүлнәр Базаралиева командалық есепте күміс жүлдегер атанса, жекелей сында қола медаль иеленді.

Дәстүрлі садақ атудан «Орталық Азия» дисциплинасында Айкөркем Батихан күміс медаль жеңіп алды.

Жілік сындырудан командалық жарыста Әмірбек Жұмаділ Қазақстан құрамасының сапында қола жүлдеге ие болды.

Осылайша, елорда өкілдері жалпыкомандалық есепте I орын алған Қазақстан құрамасының жеңісіне өз үлесін қосты.
Еске салсақ, көшпенділер ойындарында Қазақстанды ерекше таныстырған қырғыз жүргізушісіне көлік сыйлады.