00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанада «Үздік педагог-2024» конкурсы қалалық кезеңінің жеңімпаздары анықталды

Астанада «Үздік педагог-2024» конкурсы қалалық кезеңінің жеңімпаздары анықталды
Фото: Оңалхан Өнерхан

Астаналық Білім басқармасында «Үздік педагог-2024» атағын беруге арналған республикалық конкурстың қалалық кезеңінің жеңімпаздары жарияланды, деп хабарлады Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қалалық кезең жеңімпаздарының қатарында мектептердің, колледждердің және балабақшалардың жеті педагогі бар.

Олардың ішінде:

- Қожантаева Ақмарал Ғабитқызы, Астана қаласы әкімдігінің "Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясы" ШЖҚ МКК химия пәні мұғалімі;

- Ұзақбайқызы Гүлназия, Астана қаласы әкімдігінің "№73 мектеп-лицейі" ШЖҚ МКК тарих пәні мұғалімі;

- Хлыбов Андрей Леонидович, Астана қаласы әкімдігінің " №46 балабақша-мектеп-гимназиясы кешені" КММ география мұғалімі;

- Сатмағамбетова Жанар Андреевна, Астана қаласы әкімдігінің "№33 "Алтын дән" бөбекжайы" МКҚК музыкалық жетекшісі;

- Сүндетова Айнагүл Қалиқызы, Астана қаласы әкімдігінің "Көлік және коммуникация жоғары колледжі" ШЖҚ МКК арнайы пәндер оқытушысы;

- Қырғызбаева Баян Даутбайқызы, Астана қаласы әкімдігінің "Сұлтанбек Қожанов атындағы №64 мектеп-лицейі" ШЖҚ МКК география пәні мұғалімі;

- Сембина Майра Тұрсынханқызы, Астана қаласы әкімдігінің "Astana Polytechnic жоғары колледжі" ШЖҚ МКК арнайы пәндер оқытушысы.

Айта кету керек, қалалық кезеңде "Үздік педагог" атағына ие болған мұғалімдер конкурстың III (республикалық) кезеңіне қатысу үшін жіберіледі.

Конкурсқа меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан мектепке дейінгі, орта, арнайы, мамандандырылған, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін, құжаттарды ұсыну сәтінде кемінде бес жыл үздіксіз педагогикалық өтілі бар штаттық педагогтер қатысты.