Астана оқушылары PISA-2025 зерттеуінде жоғары нәтиже көрсетті
Астана қаласының оқушылары PISA-2025 халықаралық зерттеуінде жоғары нәтиже көрсетті. Елорда үш бағыттың барлығында да республикалық орташа көрсеткіштен жоғары нәтиже көрсеткен, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Оқу сауаттылығы бойынша Астана оқушылары 421 балл жинап, Қазақстан өңірлері арасында 1-орынға ие болды.
Математикалық сауаттылық бойынша елорда 445 баллмен 2-орын, ал жаратылыстану-ғылыми сауаттылық бойынша 451 баллмен 2-орын алды.
Осылайша, PISA-2025 зерттеуінің үш бағыты бойынша да Астана оқушыларының көрсеткіші республикалық орташа нәтижеден жоғары болды.
Бұл көрсеткішке күн сайын оқушыларға білім беріп, олардың қабілетін дамытуға еңбек етіп жүрген мұғалімдердің, білімге ұмтылған оқушылардың және балаларына қолдау көрсеткен ата-аналардың үлесі зор.
«Бұл бір күнде келген нәтиже емес. Оның артында күн сайын ізденіп, балаға білім беріп жүрген мұғалімдердің еңбегі, білімге ұмтылған оқушылардың талпынысы және балаларына қолдау көрсеткен ата-аналардың еңбегі бар. Осы жетістікке үлес қосқан әрқайсыңызға алғыс білдіремін», – делінген хабарламада.
Бұған дейін Қазақстанда мектеп қауіпсіздігі мен цифрлық білім деңгейі артқанын жазған едік.