Астанада студенттер арасында есірткіге қарсы Quiz ойыны өтті

Бүгін, 10:44
Думан Аманжол Думан Аманжол
Астанада студенттер арасында есірткіге қарсы Quiz ойыны өтті
Фото: Астана қаласының Полиция департаменті

Елордадағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы мен «Астана – есірткісіз қала» кешенді жоспары аясында студенттер арасында Quiz интеллектуалды сайысы өтті, деп хабарлайды Elordainfo.kz Астана қаласының Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Ойын барысында студенттер өзара білім, логика және эрудиция бойынша бақ сынап, түрлі сұрақтарға жауап беріп, зияткерлік тапсырмаларды орындады.

Мұндай формат қатысушылардың білім деңгейін тексеріп қана қоймай, жастардың назарын қоғамдық қауіпсіздік, есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу және өз болашағына жауапкершілікпен қарау мәселелеріне қолжетімді әрі интерактивті түрде аударуға мүмкіндік береді.

«Елорда полицейлері профилактикалық жұмыстарға тұрақты түрде қатысып, білім беру ұйымдарымен және жастармен тығыз байланыс орнатуда. Кездесулер барысында есірткі заттарының заңсыз айналымына байланысты құқықтық жауапкершілік түсіндіріліп, жастарды салауатты өмір салтын таңдауға және әрбір шешімге саналы түрде қарауға шақырады», - делінген хабарлады.

Сондай-ақ елорда полициясы қауіпсіз орта қалыптастыру, «Заң мен тәртіп» қағидатын нығайту мақсатында оқу орындары, қоғамдық ұйымдар және жастар бірлестіктерімен бірлескен жұмыстарды жалғастыратынын мәлімдеді.

Еске салсақ, Астанада студенттерге есірткінің зияны мен құқықтық жауапкершілігі түсіндірілді.